Ағылшын тілі грамматикасы. 5-сабақ: Реттік сан есімдердің жасалуы

3

Ordinal numbers | Реттік сан есімдер

Ағылшын тіліндегі реттік сан есімдердің жасалу жолы қарапайым. Бірден үшке дейінгі реттік сандар, яғни, бірінші, екінші және үшінші дегендер ерекше болады. Төрттен бастап, ары қарайғы сандардың негізгі түбіріне -th жалғауы жалғанады. Мысалы:

ordinalnumbers

20th=20th

Он екінші (twelfth) дегеннің ерекшеленіп жазылуына келсек, негізгі түбірінде twelve болып жазылады. Бұның алдындағы зат есімнің көпше түрінің жасалу жолдары жайлы сабақта көптік жалғауы жалғанғанда -v әрпінің -f әрпіне өзгерітінін айтқан болатынбыз. Сол секілді реттік сан есім жасалатын кезде негізгі түбірдегі -v әрпі -f әрпіне өзгеріп отыр.

Соңы -y әрпіне аяқталатын сандардан реттік сан жасалғанда олардың соңындағы -y әрпі -i әрпіне өзгереді, -eth жалғауы жалғанады. Мысалы:

20th — twentieth

30th — thirtieth

40th — fortieth

Мұнда 40 саны реттік сан ретінде fourtieth болып емес, fortieth болып
жазылады. -u әрпі түсіп қалады.

Реттік сан есімдерді жасаудың тағы бір ерекшелеу түрі бар. Оған мысал ретінде жиырма бірінші, жиырма бесінші, т.с.с. Сандарды келтіруге болады. Ондай сан есімдерден реттік сан есімдерді жасағанда ондығы мен бірлік сандарының арасына дефис қойылады, -th жалғауы соңғы сөзіне жалғанады (first, second, third дегендерден басқа). Мысалы:

Адамның аттарына қатысты реттік сан есімдер

Тарихта патшалар мен патшайымдардың аттарында екінші (II), бесінші (V) дегендей Рим цифрынан тұратын қосымшалар болады. Мысалы:

Пётр I – Peter the First, Эдвард V – Edward the Fifth

Поделиться в соц. сетях

0

3 комментария

  1. Реттык сан есым , есептык сан есым ережелеры казакша, бирак мысалдары агылшынша болу керек сондай керек боп тур…

Leave A Reply