Ago (эгоу) көмекші сөзі

0

Ағылшын тіліндегі ago көмекші сөзі уақытқа байланысты сөйлемдерде қолданылады (Дәл қазіргі сәттен бұрын болған іс-әрекеттерге байланысты қолданылады). Қазақ тіліндегі мағынасы – (осыдан) бұрын, алдын. Мысалы:
I saw your brother a few days ago | Мен сенің ағаңды бірнеше күн бұрын көрдім.
Five years ago I could not speak English | Бес жыл алдын мен ағылшынша сөйлей алмайтын едім.
Hassan left ten minutes ago | Хасан (осыдан) он минут бұрын (немесе алдын) кетті.
How long ago did it happen? | (Ол) қанша уақыт бұрын болды?

Ескерту!
Ago көмекші сөзін қолданған кезде ол сөйлемдегі етістік өткен шақтардың бірінде болуы тиіс. Мысалы: saw, could not, left.

Поделиться в соц. сетях

0

Leave A Reply