Жіңішкелік (Ь) және жуандық (Ъ) белгілері

3

Ь таңбасы — жіңішкелік белгісі (мягкий знак), ал Ъ таңбасы — жуандық белгісі (твердый знак).

Бұл екі әріп ешқандай дыбысқа ие емес, яғни дыбыс болып саналмайды. Екеуі де дауыссыздардан соң келеді.

Жіңішкелік белгісі
— өзінің алдында тұрған дауыссызды жіңішке (жұмсақ) етіп тұрады. Мысалы: мать, день, кровь …
— жіңішке дауыстылардың (е, ё, и, я, ю) алдында келіп, оларды алдыңғы орындағы дауыссыздардан бөледі. Мысалы: семья, вьюга, братья …
жь, шь, чь, щь тіркестерінде келіп, ешқандай дыбыстық өзгеріс тудырмайды.

  • ж және ш әріптері жуан, оларға ь тіркескенде олар жіңішкеріп кетпейді. Мысалы: работаешь, молодёжь, …
  • ч және щ әріптері жіңішке болғандықтан оларға ь тіркескенде жіңішкеліктері сақталып қала береді. Мысалы: лечь, мощь, жёлчь …

— ызың дауыссыздардан (шипящие согласные: ж, ш, ч, щ) соң келіп, жіңішке дауыстылардың (е, ё, и, я, ю) алдында тұрса, онда оларды алдыңғы дауыссыз әріптен бөліп тұрады (дыбыстықтұрғыда бөледі). Мысалы: шью, шьёш, …

Жуандық белгісі
— үнемі дауыссыздардың артында, жіңішке дауыстылардың алдында келеді. Өзінің алдындағы дауыссыздың жуан (қатты) екендігін білдіреді және өзінен кейін келетін жіңішке дауыстыны алдыңғы дауыссыздан бөліп тұрады. Мысалы: подъехать, объект, …
— с және з әріптерінен соң жуандық белгісі келсе, с және з әріптері әрі жіңішке әрі жуан болып айтыла береді. Мысалы: съезд, разъезд, …

Поделиться в соц. сетях

0

3 Comments

  1. орфограф on

    хехе. “Ъ” – жуандық белгісі дегенді алғаш естуім. Дұрысы айыру белгісі емес пе? Мектеп қабырғасында мұғаліміміз осылай үйреткен еді.

Leave A Reply