Орыс тіліндегі екпін (Ударение в русском языке)

3

big_thumbЕкпін — сөз құрамындағы буынның фонетикалық ерекшеленуі (әдетте, созылыңқы айтылуы). Орыс тіліндегі екпін буын құрамындағы дауысты әріптерге түседі.

Орыс тіліндегі екпіннің дұрыс қойылуы өте маңызды әрі меңгеріп кету қиын бөлім болып саналады. Өйткені сөздің дұрыс дыбысталуы екпінге тікелей байланысты. Жазылуы бірдей кейбір сөздерді қойылған екпіндері арқылы мағыналық тұрғыда ажыратуға болады. Мысалы (қалың әріптерге екпін түседі): замок (құлып) — замок (сарай), мука (азап) — мука (ұн)

Екпіннің орнын ауыстыруға болатын және болмайтын түрлері бар. Соңғысының өзі екі түрлі болып бөлінеді. Мысалы, екпіннің орны ауысқанда сөздің мағынасын өзгертетін түрі (жоғарыдағы мысалдар) және өзгертпейтін түрі.

Жазбаша түрдегі орыс тілінде екпін түсетін әріптің үстіне екпін белгісі қойылмайды. Сөздіктер мен орыс тілін үйренуші шетелдіктерге арналған кітаптарда екпін белгісі қойылады. Соған қарамастан, орыс тілінің грамматикасы мен фонетикасын жетік меңгермеген адамдарда екпінді дұрыс қою мәселесі сақталып қалады. Екпінді дұрыстап қою тілді тыңғылықты үйрену мен тілдік тәжірибе еншісіндегі шаруа болып қала бермек. Екпіннің қойылуына байланысты қатып қалған негізгі ереже жоқ.

Орыс тіліндегі екпінді дұрыс меңгермеген адам анық білінетін акцентпен сөлейді.

Ударениені дұрыс қойып үйренуге Грамото сайтындағы онлайн-сөздік көп төмектеседі деп ойлаймын.

Поделиться в соц. сетях

0

3 комментария

Leave A Reply