‘In time’ or ‘On time’?

3

Ағылшын тілінде уақытқа қатысты қолданылатын тіркестердің арасында мынай ұқсас тіркестер бар. Олардың бір-бірінен мағыналық айырмашылық бар.

In time. Дұрыс уақыттан (белгіленген уақыттан, сөз болып отырған уақыттан) бұрын немесе кеш жетсеңіз, in time тіркесін қолданасыз. Мысалы: I arrived at the station at 7.55, in time for train, which left at 8.00 (Мен станцияға сағат 7:55-те, белгіленген уақыттан (пойыз жүретін уақыттан) бұрынырақ, жеттім. Пойыз 8:00-де кетеді (жүреді)).

On time. Белігіленген уақытта, дәл уақытында жетсеңіз, on time тіркесін қолданасыз. Мысалы: I arrived on time (Мен (дәл) уақытында жеттім).

Ортақ мысал: I arrived at the station at 7.55, in time for the train, which left on time, at 8.00. Мағынасы: Мен дәл уақытында, сағат сегізде, кететін пойыз үшін станцияға уақытынан бұрынырақ, жеті елу бесте, жеттім.

Егер сіз сағат сегізде жүретін пойыз үшін сағат алтыда келіп алсаңыз, in time тіркесін қолдана алмайсыз. Өйткені, бұл тіркес аз ғана уақыт айырмашылығы болған кезде қолданылада. Сағаттап ерте келген жағдайда «early (ерте)» немесе «very early (өте ерте)», «too early (тым ерте)» сөздерін қолданасыз. Мысалы: We arrived at the airport on time, but we missed our flight. The registration lasts one hour, so next time we must arrive early.

Поделиться в соц. сетях

0

3 комментария

  1. Бұл өте жақсы жасалған , тағы бұған видео аудионұсқа түрі де керек сияқты

Leave A Reply